Батырлар аллеясы

Жеңіс мерекесі қарсаңында, 7 мамыр күні-ақ  қаланың Әлия Молдағұлова даңғылының екі қапталында ақтөбелік батырлар сап түзеп тұрды. Кеңес Одағының Батыры атағын алған 35 және үш дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері 9 жерлесіміздің үлкен портреттері қойылды. Және бір тұста батыр Бауыржан Момышұлының айбынды суреті тұрды. Әлия Молдағұлованың ескерткіші орналасқан алаңға батыр жерлестеріміздің ұрпақтары, қаламыздың құрметті азаматтары, … Әрі қарай оқу Батырлар аллеясы